ТҮРКІСТАН: 25 ҚАЗАН-РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТТІ🇰🇿
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде 25 қазан - Республика күні және Әлеуметтік сала қызметкерлері күніне орай жиын өтті.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі Қазақстан Республикасының «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» болып белгіленген.
...Осыған орай, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Нұрмаханов Бегман Жамалбекұлының төрағалағымен мерекелік жиын болып өтті. Жиынға департамент басшысы орынбасары М.Архаров, бөлім басшылары мен мамандары және аудан, қала медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдері ZOOM арқылы қатысты.
Әлеуметтік салаға сіңген еңбектері үшін: Құрмет ордені №2 Зейнетақы және қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Х.Макулбаева, Ерен еңбегі үшін медалімен №1 Зейнетақы және қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ж.Жамахова және әлеуметтік саладағы елеулі еңбегі үшін марапатталды.
Сонымен қатар, «Әлеуметтік саланың үздігі» төс белгісі №9 МӘС бөлімінің басшысы Т.Кукиева, “Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба”республикалық байқауда №2 Зейнетақы және қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Еримбетов алғыс хатпен марапатталды.
№2 Зейнетақы және қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Д.Оспанова, Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас мамандары А.Папенов, Г.Рамазанова, Г.Дайырова алғыс хатпен марапатталды.




