Бабан Үйсін, ол Қытайда 9 ай үй қамақта отырған, ол отбасымен 5 жылдың алдында Қазақстанға көшіп келіп, 3 баласы мен әйелі Қазақстан Алматы облысы Сарыөзек ауылында үй жалдап тұратын, 2017 жылы сәуірде Қазақстан азаматтығына құжат тапсырған, осы жылы қыркүйекте Үйсіннің қытайдағы шешесі қатты ауырғанына байланысты шешесінің халын білуге Қытайға барғанда Қытай үкіметі оның төлқұжатын тартып алып, қыйып тастап күшін жойған, содан бері ол Қазақстандағы отбасына орала алмады. 3 б...аласы әйелі Қазақстан азаматтығын алды, ал Үйсіннің де Қазақстан азаматтығы шығып тұр, тек өзі келіп алса болды.
Осыған байланысты Қазақстандағы АТАЖҰРТ ЕРІКТІЛЕРІ ұлтжанды азаматтардың араласуымен Әйелі мен бала-шағасының арыз шағымы негізінде Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі де Қытайдағы қазақтар мәселесіне араласты, ақпарат құралдары жазды, шулады, тіпті әлем ақпарат құралдары жазды. Осыдан кейін Қытай үкіметі Бабан Үйсінді шетел азаматы ретінде құжаттандырып бүгін Қытай шекарасынан өткізген, ал бірақ біздің аса сақ, қызметке адал шекара қызметкері Бабан Үйсінді «сен Қытай азаматысың» деп өткізбей қойды..
кімге айтам?? Қайда барам???
Бұл Бабан Үйсіннің қызы Үйсін Әлия..