Videon toisto ei taida onnistua. Yritä käynnistää selain uudelleen.
Sulje
Video ei saatavilla
Videota ei ikävä kyllä voi toistaa.

ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ЖОҚ!..

Қазақ - жер шарының қай түкпірінде жүрсе де қазақ. Ал әні мен өлеңін өлтірмеген қазақ - ең ұлы қазақ! Мынау қаршадай ғана қазақтың қара баласының өнері үстем, жолы ашық болса екен!

Осыдан 1-2жылдың алдында белгілі композитор інім Halyk Rizabekтің осы әніне сөз жазып едім. Сөйтіп бұл ән шырқалып кете барған.

Кешеден бері әлеуметтік желі арқылы кең тарап, білетіндер менімен бөлісіп қуанып жатыр.

Естуімше аты-жөні: Өріс Төлегенұлы, Құлжа Нылқы ауданы Қаратөбе қалашығы Қараой қыстағынан екен. Бес жасында көзіне ақ түсіп көру қуаты төмендепті...

Осындай өнері бар қаншама қазақ шетте жүр... Қайда жүрсе де аман болса екен. Өрістің өрісі кеңіп қазақ сахнасында ән шырқайтын күні жақын болғай!

Näytä lisää